• Отырыс барысында жылыту маусымына дайындық барысы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігі мәселелері, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру нысандары құрылысының барысы қаралды. 

• ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның энергия таратушы кәсіпорындарының алдағы күз-қыс кезеңіне даярлық жұмыстары аяқталуға жақындап қалғанын мәлімдеді.

• ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Қазақстанның ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын төмендету бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау барысы туралы айтты.

• ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының білім беру саласында іске асырылу барысы туралы баяндамасымен таныстырды.

• ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2017-2018 жылдарға арналған жылыту маусымына дайындық жұмыстары коммуналдық қызметтермен бекітілген кестелерге сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.

• Қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге жылыту маусымына дайындық жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды, энергия тиімділігі саласында қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ҚР ИДМ-ге ҚР ЭМ, ҚР АШМ-мен бірлесе отырып, өнім бірлігін өндірудегі энергия тұтыну нормативтерін белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Бұдан өзге, ҚР ҰЭМ-ге ҚР ИДМ-мен бірлесіп энергия үнемдеу саясатын жүзеге асыру бойынша критерийді орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау жүйесіне қосу тапсырылды.

Сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминге және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаевқа қажетті жұмыстарды жүргізіп, жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, мектептердің құрылысы саласындағы тендерлерді жүргізу рәсімдерін өзгерту шараларын қабылдауды және мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражаттарды игеруді жылдамдату тапсырылды.