• Отырыс барысында астық жинау жұмыстарының барысы, халықты дене шынықтыруға тарту және спорттық инфрақұрылымды дамыту, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексінің жобасы және ілеспе заң жобасы қаралды.

  • ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов қазіргі уақытта республиканың барлық өңірлерінде астық жинау жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады. 
  • ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жаңа Салық кодексі аясында салық салу идеологиясы өзгергенін, ол адал салық төлеушіні қорғауға, экономиканың түрлі секторларын ынталандыруға және әкімшіліктендіруді жеңілдетуге бағытталатынын баяндады.
  • ҚР қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда салықтық әкімшіліктендіруге жаңа тәсіл енгізілетіні туралы баяндама жасады. 

  • «Атамекен» ҚР ҰКП төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР жаңа Салық кодексіне енгізілген түзетулердің тиімділігі туралы айтты.  

  • ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда дене шынықтырумен шұғылданатын азаматтар саны артып келе жатқанын айтты.

  • Үкімет отырысының қорытындысы бойынша жаңа Салық кодексінің жобасы мақұлданды, ол ШОБ өсімін ынталандыруды және еліміздің қаржы секторын нығайтуды көздейді.

  • Қорытындысында ҚР Премьер-Министрі аймақтардың әкімдеріне мектептерді спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев бірқатар мектептердің спорт залдары жоқтығына барынша назар аудару қажет екенін атап өтті.