• Отырыс барысында 2017 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, ҚР көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі және «Экспо-2017» көрсетілген жаңа технологияларды қолдану қаралды.

  • ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов экономикалық өсім алдын ала бағалау бойынша биыл 8 айда 4,3% дейін қарқындағанын айтты. 

  • Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспар бойынша жүзеге асырылып жатқанын баяндады. 

  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында ағымдағы жылы еңбек көші-қонына қатысты Қазақстанның көші-қон заңнамасына өзгерістер енгізілгенін баяндады.

  • Өз кезегінде ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов соңғы жылдары Қазақстанда жағымды инвестициялық ахуал қалыптасып келе жатқанын, 60-тан астам елдердің азаматтарына визасыз режим бекітілгенін, оларды елде тіркеу рәсімі жеңілдетілгенін, еңбек көші-қоны үшін әкімшілік кедергілер қысқарғанын, бірақ сәйкесінше қауіп-қатер, оның ішінде трансұлттық қылмыстықтың артып келе жатқанын баяндады.

  • ҚР инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Алик Айдарбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» әзірленген кодекс жобасының негізгі тұжырымдамалық бағыттары туралы айтып берді.

  • Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Қазақстанда «Экспо-2017» көрмесінің жаңа технологияларын енгізу бойынша жол картасы әзірленетіні туралы баяндама жасады. 

  • Энергетиканың бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, энергетика министрлігі сондай-ақ «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған жаңа технологияларды Қазақстанда мүмкін қолдану туралы ұсыныстарды әзірлеу бойынша сараптау жұмыс тобын құрды.

  • Соңында Премьер-Министр айтылған ескертулерді ескере отырып, Көші-қон саясаты тұжырымдамасын жетілдіруді және Үкіметтің бекітуіне енгізуді тапсырды.

  • Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының міндеттерін орындау бойынша, әсіресе ауыл шаруашылығы мен құрылыстағы шараларды іске асыру және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасын Мемлекет басшысының ескертулеріне сәйкес жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.