• Тимур Тоқтабаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің экологиялық аспекті, Кодексті қабылдаудың маңыздылығы, іске асыру мерзімдері және оны әзірлеу барысы туралы айтты, сондай-ақ геологиялық барлауға инвестициялар көлемі мен кен орындарын өндіру барысы туралы қосты.  
  • Біржан Нұрымбетов Қазақстандағы шетелдік жұмыс күшін реттеу үдерісі туралы, ҚР көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасы шешетін мәселелер, көші-қон туралы алдындағы бағдарламалар және Тұжырымдаманың аспектілеріне сәйкес шетелде тұрып жатқан этникалық қазақтарды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабарлады.