• Қайрат Келімбетов Орталық институттары жұмысының негізгі бағыттары мен оны Еуразия өңіріндегі ірі қаржы хабының бірі ретінде қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

  • Сондай-ақ, Қ. Келімбетов АХҚО-ны халықаралық таныстыру биыл Астанада желтоқсан айында өтетінін және АХҚО-ның шетелдік инвесторларды қандай жолмен тартуға ниетті екенін әрі жаһандық нарықтарға не ұсына алатыны туралы хабарлады.

  • Саясат Нұрбек Орталықты жаһандық нарықтарда халықаралық ілгерілету стратегиясы қалай жасалатынын айтып берді.

  • Өз кезегінде Әсел Жиенбаева қазақстандық қор жүйесінде цифрлық технологияларды дамыту туралы баяндады.