• Отырыс барысында ауылдарды кең жолақты Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету туралы мәселе, «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
  • Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында азаматтарды жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз ету және ауыл мен қала арасындағы цифрлық алшақтықты қысқарту бойынша бағыт қарастырылғанын баяндады.
  • Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ауылдарды Интернетпен қамтамасыз ету жобасын іске асыру кезінде республикалық бюджетке біржолғы жүктемесіз МЖӘ қағидасын пайдалану туралы шешім қабылданғанын айтты.
  • Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қазіргі таңда Интернет білім беру жүйесін дамытудың маңызды элементі екенін айтып өтті.
  • Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау желісін 6 030 нысан құрайтынын, сонымен қатар қалалар мен аудан орталықтары деңгейінде Интернетке 100% қосылғанын мәлімдеді.
  • «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев ауылдарды кең жолақты Интернет желісіне қосуды қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру туралы баяндады.
  • Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев сақтандыру және сақтандыру қызметі саласындағы заң жобасы туралы айтып берді.
  • Тимур Сүлейменов «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының басты ережелерін таныстырды және заң жобасы аясында қарастырылған түзетулер туралы айтты.
  • Соңында Үкімет сақтандыру және сақтандыру қызметі саласындағы және бірқатар мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша заң жобаларын мақұлдады.