• Отырыс барысында 2017 жылғы 9 айдағы инфляция деңгейі және оны осы жылдың соңына дейін белгіленген дәлізде ұстап тұру шаралары, электрондық білім беру және кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері қаралды.

  • ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов республикада жыл басынан бері инфляциялық үдерістердің баяулағаны байқалатынын баяндады.

  • Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев 2017 жылы ішкі бағаларға теңге девальвациясының ауысу әсері аяқталып қалғанын айтты.

  • ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев мұнай өнімдерінің ішкі нарығы үшін 111,1 млн тонна мұнай өңделгенін, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға жоғары екенін мәлімдеді.

  • Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов өнімдік тұрақтандыру қорларының жұмысы өткен жылмен салыстырғанда барынша жүйелі болғанын әрі бұл әлеуметтік маңызды тауарлар бағасының өсімін шектейтінін айтты.

  • ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт — білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.

  • Электронды білім беруді енгізу бойынша ақпараттық-коммуникациялық саладағы министрліктің міндеттерін ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жеткізді.

  • Сонымен қатар ҚР Үкіметі отырысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралды.

  • Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «Астана-1» кедендік декларациялау жүйесі толық режимде жұмыс жасайтынын айтты.

  • Қорытындылай келе, Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне АШМ-мен бірлесіп, өңірлік тұрақтандыру қорларын негізгі азық-түлік тауарларының жеткілікті қорымен қамтамасыз етуді тапсырды. ҚР ЭМ-ге өңірлердің әкімдерімен бірлесіп, жылыту маусымында жанар-жағармай материалдарына бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін тиісті жұмысты жүргізуді, ҚР БҒМ-ге ҚР АКМ-мен және әкімдермен бірлесіп, өңірлер тұрғысынан мектептерді жылдамдықты интернетке қосу жоспарын әзірлеуді тапсырды.

  •