• М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Жұмахан Мырхалықов «Экспо-2017» көрмесін өткізудің арқасында ОҚМУ жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірқатар перспективалы жобаларды іске асыру үшін халықаралық серіктестерді тапқанын хабарлады.
  • Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры Аристотель Исағұлов Қарағанды облысының жүйе құраушы кәсіпорындары ҚарМТУ технологияларын белсенді түрде қолданып жатқаны туралы айтты.
  • Сондай-ақ, спикер «Экспо-2017»-де ҚарМТУ ғалымдарының үш инновациялық жобасы таныстырылғанын айтты.
  • С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Гаухар Ахметова «Экспо-2017» С. Торайғыров атындағы ПМУ студенттеріне халықаралық жетекші ЖОО-лармен ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
  • Бұдан өзге, Гаухар Ахметова «Экспо-2017» көрмесінде университет ғалымдары табиғи ресурстарды рационалды пайдалану және жаңа, баламалы энергия көздерін қолдану бойынша 15 инновациялық жұмысты ұсынғанын мәлімдеді.
  • Өз кезегінде Гүлзат Көбенова шетелдік ЖОО-лармен ынтымақтастықты дамыту мен ҚР ЖОО-ларының «Экспо-2017» көрмесіндегі жобаларды қолдануы туралы айтты.