• Отырыс барысында 2017 жылғы 9 айдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы, 2017-2021 жылдарға арналған ҚР әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет болжамы, білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және жекешелендіруді жүргізу барысы қаралды.

  • Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев жанар-жағар май мен көмірдің ішкі нарықтағы ағымдағы жағдайы туралы баяндады.

  • Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан экономикасы тоғыз айдың қорытындысы бойынша өсім көрсетуін жалғастырып жатқанын айтты.

  • Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов 2017 жылдың басынан бері ҚР-да экономикалық белсенділіктің жақсарғаны байқалатынын хабарлады.

  • Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады.

  • Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов биыл мемлекеттік меншіктегі 300-ге жуық нысан жекешелендірілгенін мәлімдеді.

  • Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов «Самұрық-Қазына» қорының активтерін бәсекелес ортаға беру процесін жылдамдатып, тиімді ету мақсатында «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» заңға түзетулер енгізілгенін айтты.

  • Сондай-ақ, спикер Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бюджеттік кодекс пен «Мемлекеттік меншік туралы» заңға түзетулер енгізілгенін хабарлады.

  • Қорытындылай келе, Премьер-Министр жауапты мемлекеттік органдарға отын тапшылығына жол бермеу туралы бірқатар тапсырмалар берді.