• Отырыс барысында АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы: 9 айдың қорытындысы және механизмдерін өзектендіру қаралды.

  • Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы іске асыру 745 ауыл шаруашылығы кооперативін және 12 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік бергенін баяндады.

  • Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов кәсіпкерлік нысандарына жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге Ұлттық қор қаражатынан 10 млрд теңге бөлінгенін хабарлады.

  • Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов 2017 жылы «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шығындарын қаржыландыру туралы баяндады. 

  • ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 119 жобаны іске асыруға 86,9 млрд теңге бөлінгенін айтты.

  • Қорытындылай келе, ҚР Премьер-Министрі Ж. Қасымбекке өңірлерде тұрғын үйді қажеттілікке байланысты жоспарлау мәселелерін ретке келтіруді тапсырды. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру мәселелерін үйлестіру жұмыстары Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге жүктелді.