— Отырыс барысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері, «Барлығына тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру барысы, су тасқыны қатерінің алдын алу шаралары қаралды.

— ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов бүгінде жалпы 139,5 млрд теңге сомаға 116 МЖӘ келісімшарты жасалғанын баяндады. Атқарылған жұмыстардың аралық қорытындысы туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов, ҚР ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов, Премьер-Министр орынбасары Ерболат Досаев баяндады.

— «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру барысы туралы ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Аталған мәселе бойынша, сондай-ақ, Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаевтың, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың, Қостанай облысы әкімі А. Мұхамбетовтың есептері тыңдалды.

— Су тасқыны қаупінің алдын алу жөніндегі қолға алынған шаралар туралы ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов баяндады. Сонымен қатар Ақмола облысының әкімі М. Мырзалиннің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Қ. Ақсақаловтың, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтің, Қарағанды облысы әкімі Е. Қошановтың, Алматы облысы әкімі А. Баталовтың, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың, Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаевтың, Жамбыл облысының әкімі К. Көкірекбаевтың есептері тыңдалды.

Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берді.