• «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев МЖӘ дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, МЖӘ саласындағы заңнамалық өзгерістер және жаңғырту шаралары туралы айтып берді. 

  • Спикер қазіргі таңда жалпы 880,2 млрд теңге сомаға мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің 547 жобасы тіркелгенін, олардың 116-сы келісімшарт жасасу кезеңінде, қалған 431-і – жоспарлау мен іске асырудың әр түрлі кезеңдерінде екенін мәлімдеді.

  • «Қазақстандық МЖӘ орталығы» АҚ вице-президенті Айдос Көбетов Қазақстанда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бірыңғай базасы іске қосылғанын хабарлады.

  • Бұдан өзге, ол МЖӘ заңнамасын жетілдіру аясында жоспарланған өзгерістер туралы айтты. 

  • Брифингті қорытындылай келе, Талғат Матаев журналистерді Астанада 29-30 қарашада өтетін МЖӘ бойынша «Лайфхактар. Үздік практикалар» алғашқы қазақстандық форумына қатысуға шақырды. Бұл іс-шараға қазақстандық бизнесмендер, сондай-ақ Оңтүстік Корея, Түркия және біздің елге қызығушылық танытқан басқа да мемлекеттерден келген шетел инвесторлары қатысады.