• Ақтоты Райымқұлова «Экспо-2017» аясында өткізілген мәдени іс-шаралардың қорытындылары туралы айтып берді.

  • Ол «Экспо-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-ойын-сауық және спорт шараларының кешенді бағдарламасы сәтті іске асырылғанын атап өтті.

  • Спикер Мәдениет және спорт министрлігі «Астана Экспо-2017»-мен және елорда әкімдігімен бірлесіп, Астанада жоғары деңгейде түрлі жанрдағы 8 мыңнан астам (8 460) мәдени және спорт шараларын ұйымдастырып, өткізгенін хабарлады. Оған қазақстандық және шетелдік жетекші шығармашылық ұйымдар, мәдениет және спорт шеберлері, сондай-ақ Қазақстанның дарынды жастары қатысты.

  • Вице-министр «Алтын жебе» жамбы ату бойынша халықаралық жарысын өткізу нәтижелері бойынша сұраққа жауап берді.

  • Төлеубек Әлпиев «Астана Опера» театрында 46 мәдени іс-шара өткізілгенін, 32 шетелдік делегация келгенін хабарлады.

  • Ол сондай-ақ «Опералия» опера әншілерінің халықаралық байқауының қорытындылары туралы айтып берді.