— Отырыс барысында мемлекеттік қызмет көрсету және электронды үкіметті дамыту мәселелері; Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын және өңірлер халқын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарларын іске асырудың алдын ала қорытындылары; мемлекеттік статистика туралы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру мәселелері қаралды.

— Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мемлекеттік қызмет көрсету және электронды үкіметті дамыту саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

— Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.

— «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы аясындағы Мемлекеттік корпорацияның қызметі туралы мәлімдеді.

— ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндады.

— Сондай-ақ, Тимур Сүлейменов аталған Бағдарламаның екі бағытын іске асыру туралы айтып өтті.

— Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының білім беру тұрғысынан іске асырылуы туралы мәлімдеді.

— «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов Бағдарлама бағыттарын іске асыру аясындағы Палата қызметтері туралы баяндады.

— Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Өнімді жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша қаражаттарды игеру туралы айтып берді.

— Бағдарламаның өңірлерде жүзеге асырылуы туралы Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев, Маңғыстау облысының әкімі — Ералы Тоғжанов, Шығыс Қазақстан облысы әкімі — Даниал Ахметов, Алматы облысының әкімі — Амандық Баталов есеп берді.

— Ұлттық экономика министрі мемлекеттік статистика мәселелері жөніндегі заң жобасын таныстырды.

— Тамара Дүйсенова әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері жөніндегі заң жобасымен таныстырды.

— Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысының қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

— ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова оқу үдерісі тұрғысынан жаппай кәсіпкерлікті іске асыру туралы мәлімдеді, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова журналистердің электрондық еңбек биржасының жұмысы туралы сұрақтарына жауап берді.