• Бибігүл Асылова айтып өткендей, Мемлекет басшысы Жолдауының «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші бағыты аясында білім беру жүйесінде таяу перспективаға қызметтің нақты бағыттары анықталды. Қазіргі уақытта ҚР БҒМ Жолдауды іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігіне жүктелген міндеттерді орындау бойынша ведомстволық жоспарды әзірлеп жатыр.

• Вице-министр, сондай-ақ, мұғалімдердің жалақысын арттыру мәселесіне түсініктеме беріп өтті. Оның айтуынша, үстеме ақы мөлшері лауазымдық қызметақыдан 30% құрайды және білім және ғылымның 2019 жылға дейінгі бекітілген мемлекеттік бағдарламасының кестесіне сәйкес жүргізіледі.

• Білім беру жүйесінде мұғалімдердің еңбек ақысын ұлғайту нәтижесінде орташа жалақы шамамен 130-140 мың теңгені құрайды, деп мәлімдеді Б. Асылова.

• Шолпан Каринова оқушылардың жүктемесін төмендету мәселесіне түсініктеме беріп өтті. Оның мәліметіне сәйкес, бүгінде балаларға арналған үй тапсырмалары ⅓ қысқартылған. Демалыс және мереке күндерінде көркем шығармаларды оқу мен ғылыми жобаларды орындаудан басқа, үйге тапсырмасы берілмейді. Үйде орындалатын оқу жүктемесі 150 минуттан аспауы керек. Сонымен қатар, санитарлық талаптарға бес жұмыс күніне сай келетін нормалар енгізілді.