• Серік Жұманғарин 2017 жылы мемлекеттік органдардың ведомствоға бағынышты ұйымдарын түгендеу нәтижесі, сондай-ақ Үкіметтің жекелеген мемлекеттік тапсырыстарының қорытындысы бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспары 168 ұйымға толықтырылғанын айтты. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жекешелендірудің кешенді жоспарында 904 ұйым бар, яғни, 122 компанияға немесе 15,6%-ға ұлғайды.

• Бұдан өзге, вице-министр бүгінде жекешелендіруден Ұлттық қорға 7,4 млрд теңге түскенін хабарлады.

• Серік Жұманғарин инвесторлардың негізгі қызығушылығы “Самұрық-Қазына” қорының 47 ірі активіне түсіп тұрғанын айтты. Аталған компаниялардың IPO стратегиясы бойынша қабылданған шешімдерге байланысты күтілетін түсімдер көлемі $3,5 млрд-тан $5,5 млрд аралығын құрауы мүмкін. 

• Берік Шолпанқұловтың айтуынша, Жекешелендірудің кешенді жоспарының орындалуы 71% құрайды.

• Сондай-ақ, вице-министр ірі объектілердің жалпы сату бағасы 61 млрд теңгені құрағанын мәлімдеді. Сонымен қатар қаржы ведомствосының бағалауынша, жүргізіліп отырған жекешелендіруге қызығушылық едәуір арта түскен. Сауда алаңына белсенді келушілердің саны 12%-ға артты.