• Министрдің айтуынша, Қазақстанда өткен жылы 86 млн тоннадан астам мұнай өндірілді, бұл өндіру жоспарының 102% құрайды. Оған қоса, 70 млн тоннаға жуық экспортталды. 15 млн тоннаға жуық мұнай отандық МӨЗ-дерде қайта өңделді.

• Биылғы жоспарлар туралы айта отырып, министр сұйылтылған мұнай газы нарығында электронды сауда алаңын енгізу, Астананы газдандыру жоспарлары туралы, мұнай химиясы саласындағы құрылыс жұмыстарының басталуы, 2018 жылы энергия таратушы ұйымдарды ірілендіру және өзге де маңызды жобалар туралы айтып берді.

• Сондай-ақ, Қ. Бозымбаев энергетика министрлігінің бөлшек саудада полиэтиленді қалталардың сатылымын біртіндеп тоқтатуға қатысты ұстанымы туралы баяндады. 2018 жылы энергетика министрлігі аталған мәселеге қатысты қажетті жұмысты жүргізеді, ол ашық және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып жасалады, содан кейін барып қажетті шешімдер қабылданады.

• Қанат Бозымбаев қоршаған ортаны қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға нақтырақ тоқталып өтті. Оның айтуынша, 2017 жылы қайта өңделген және кәдеге жаратылған қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі үш есеге ұлғайтылды.