27 Тамыз 2019, 12:03
27 тамызда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
Отырыс барысында ҚР 2020-2024 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасы, «2020–2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020–2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» ҚР Заңдарының жобасы және «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасы мақұлданды .
ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2020–2024 жылдарға арналған Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды.
Заң жобаларын ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов, ҚР ұлттық экономика министрі Р. Дәленов таныстырды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселе бойынша ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев сөз сөйледі.
«Педагог мәртебесі туралы» заң жобасымен ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов таныстырды.
Алматы облысының әкімі А. Баталов пен Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов заң жобасының ережелерін педагогикалық қоғамдастық өкілдерімен талқылау туралы баяндады. Сондай-ақ, Үкімет отырысында жоспарланған жаңалықтарды талқылауға шақырылған Ақмола облысы Никольск орта мектебінің педагогы Н. Құттыбаева сөз сөйледі.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу