04 Шілде 2019, 11:55
2 шілдеде Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.
— Отырыста Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру барысы қаралды.
— Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Ә. Смайылов 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөніндегі заң жобасын таныстырды.
— ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары туралы баяндады.
— Халықтың аз қамтылған тобын, сонымен қатар жұмыс істейтін жастарды баспанамен қамту шаралары туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр баяндады.
— Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу шаралары туралы баяндады.
— Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаев биылғы 1 сәуірден бастап жаңа форматта төлене бастаған атаулы әлеуметтік көмектің алғашқы нәтижелері туралы айтып берді.
— ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көп балалы отбасылардың балалары мен атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қосымша бөлінетін гранттардың қандай мамандықтарға бағытталғаны туралы айтып берді.
— ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Р. Скляр қазақстандықтардың тұрғын үй кезегін қалай online бақылай алатыны туралы айтып берді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу