ҚР Үкіметінің отырысы, 02.03.2021

—  Үкімет отырысында АӨК-ті дамытудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамыту мәселелері қаралды. 

— АӨК дамытудың жаңа тәсілдері туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, өңірлерде ауыл шаруашылығын дамыту туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баяндады. 

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин әкімдерге азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыруға бақылауды күшейтіп, аграрлық ғылым мен білімді дамыту бағдарламасын әзірлеуді, сондай-ақ АӨК субъектілерін білім беру жүйесімен қамту бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

— Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту жөніндегі шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндама жасады. 

— Үкімет басшысы елді мекендер бойынша денсаулық сақтау объектілерінің инфрақұрылымын дамытудың жол картасын әзірлеп, жолдауды, сондай-ақ жас медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылға жұмысқа келген жас мамандарды материалдық ынталандыру шараларын қабылдауды тапсырды.


 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу