ҚР Үкіметінің отырысы, 04.05.2022

4 мамырда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында қалалар мен ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау мәселесі қаралды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстарының әкімдері баяндама жасады. 

— ҚР Премьер-Министрі тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік саясатты іске асыру барысында Түркістан, Батыс Қазақстан, Жамбыл және Қарағанды облыстарының әкімдіктеріне 2023 жылы іздестіру-барлау жұмыстары мен жобалық-сметалық құжаттарды дайындауды аяқтауы тапсырды. Жаңадан салынатын және қолданыстағы сумен жабдықтау инфрақұрылымдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері әкімдіктермен бірлесіп, ауылдарды сумен қамтамасыз етумен айналысатын пайдаланушы мекемелерге бірыңғай талаптарды бекітуі қажет. 

— Үкімет отырысында геология саласын дамыту перспективалары қаралды. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика вице-министрі Асхат Хасенов баяндама жасады. 

— Үкімет басшысы геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы инвесторларға геологиялық мәліметтерді қолжетімді ету үшін ақпараттық жүйе құру қажеттігін атап өтті. ЭГТРМ-ге ЦДИАӨМ, ЭМ, ИИДМ-мен бірлесіп, жыл соңына дейін «KAZNEDRA» платформасын әзірлеу және қолданысқа енгізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды. Сонымен қатар барлау және өндіру құқығын алуға мүмкіндік беретін Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасын уақытылы жаңартып отыру қажет.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу