ҚР Үкіметінің отырысы, 11.03.2021

—  Үкімет отырысында ҚР 2021 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы және білім беру жүйесін жетілдіру, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

— Экономиканың, банк саласының жай-күйі, республикалық бюджеттің атқарылуы, мемлекеттік сатып алудағы жергілікті қамту туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, өнеркәсіп пен энергетика секторындағы жағдай туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен энергетика министрі Нұрлан Ноғаев, агроөнеркәсіптік кешендегі жағдай туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

— ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Отандық және шетелдік инвесторларды белсенді тарта отырып, жекешелендіру жоспарын тиімді іске асыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ тиісті шаралар қабылдап, белгіленген мақсаттар мен міндеттерді нақты орындауды тапсырды.

— Білім беру саласын жетілдірудің жүйелі мәселелері туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы 2022 жылдан бастап мектепке дейінгі білім беруді қаржыландырудың ваучерлік тетігін жаппай енгізуді, осы жылдың 1 сәуіріне дейін балабақшалардың жұмыс сапасының көрсеткіштерін («Starting well» рейтингінде) бекітіп, енгізуді, биыл колледждерде кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты 20 мың орынға ұлғайтуды, 20 аса мықты ЖОО-ны іріктеп, осы жылдың 25 наурызына дейін Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі кеңестің қарауы үшін олардың тізбесін Үкіметке енгізуді тапсырды. 

— Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз етуде баға мониторингі және жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, азық-түлікпен қамтамасыз ету жөнінде ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров баяндады.

— Премьер-Министр әкімдіктерге Тұрақтандыру қорларының қызметінде форвардтық сатып алу схемасын қолдануды, «қайтарымды схемаға» қаражат бөлуді елеулі түрде ұлғайтуды, импортқа тәуелді тауарлар өндірісін ұлғайту бойынша жобаларды басым түрде іске асыруды, өте қажетті ауыл шаруашылығы дақылдарының (қарақұмық, майлы дақылдар, бақша, жем-азық дақылдары) егіс алқаптарын ұлғайтуды тапсырды.


 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу