ҚР Үкіметінің отырысы, 14.12.2022

14 желтоқсанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Отырыста Президент Қ. Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасын және Үкіметтің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі шаралар қаралды. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, әділет министрі Қанат Мусин, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов, сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев және сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров.

— Баяндамашыларды тыңдап болған Премьер-Министр биыл Қазақстанның күрделі геосаяси жағдайға байланысты бірқатар қиындыққа тап болғанын атап өтті. Бұл бағаның өсуіне, инфляцияға, экономикалық дамудың бәсеңдеуіне әкеп соқты. Әлихан Смайылов цифрлық жобалық офис аясында барлық бағдарламаның, жобалар мен Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуын тұрақты түрде бақылайтынын айтып өтті, сондай-ақ Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының іс-шараларын министрліктердің салалық тұжырымдамалары мен даму жоспарларына қосуды тапсырды.
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу