ҚР Үкіметінің отырысы, 18.01.2022

18 қаңтарда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті. Отырыста елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай, әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары және инфляцияның, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу шаралары қаралды. 

Елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов шектеу шараларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ете отырып, барлық өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды қатаң бақылауды, мониторингтік топтардың жұмысын жандандыруды, адамдардың көп жиналуына жол бермеуді және ауырғандарды уақытылы оқшаулауды тапсырды.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев баяндады.

Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен өңірлердің әкімдеріне елдегі Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспарының іс-шараларын жүзеге асыруды жеке бақылауға алуды тапсырды.

Инфляцияның, азық-түлік өнімдері мен мұнай өнімдері бағасының өсуіне жол бермеу шаралары туралы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, энергетика министрі Болат Ақшолақов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин, Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баяндады

Ә. Смайылов монополияға қарсы шара қолдану және делдалдық схемаларды тексеру бойынша жұмысты күшейтуді, үстеме баға мен шекті бағаны бақылау жұмысын күшейтуді, міндетті түрде электрондық шот-фактураларды жазып беру бойынша пилоттық жобаны жүргізу мәселесін пысықтауды, ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сату бойынша шектеулер қоюды,  мұнай өнімдерін өндіру және сату құрылымын реформалау бойынша заңнамалық түзетулерді дайындауды, көмір бағасын өткен жылғы деңгейде сақтап қалу үшін заңға сәйкес шаралар қабылдауды және кіметке Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін енгізуді тапсырды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу