ҚР Үкіметінің отырысы, 18.08.2020

18 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.  

— Үкімет отырысында жұмыспен қамту мәселелері мен балық саласын дамытудың перспективалары қаралды.

— Жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру барысы туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов, Жамбыл облысының әкімі Б. Сапарбаев, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев баяндама жасады.

— Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруды және оларды іске асыру мониторингін күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды

— Еліміздің балық саласын дамыту перспективалары туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, сондай-ақ «Хамит» балық шаруашылығының өкілі Б. Серманизов, «Caspian Riviera» балық шаруашылығының өкілі Р. Хамитова, «KingFish» балық шаруашылығының өкілі М. Тұрсынәлі баяндама жасады.

— Екінші мәселе бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биылғы 1 қарашаға дейін балық шаруашылығын дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуді және бекітуді тапсырды
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу