ҚР Үкіметінің отырысы, 18.10.2022

18 қазанда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдің электр энергетикасы саласын дамыту мәселесі қаралды. ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады.

— Баяндамашыларды тыңдап болғаннан кейін Премьер-Министр көрші елдердің энергия жүйесі арқылы энергияны тұрақты түрде жеткізуді қамтамасыз етуді, ең көп салмақ түсетін маусымдық кезеңдерде қажетті маневрлік қуаттарды ұлғайту шараларын қабылдауды, сондай-ақ қазан айының соңына дейін Үкіметтің қарауына «инвестиция орнына тариф» саясатын іске асырудың нақты механизмін ұсынуды тапсырды. 

— Сонымен қатар Үкімет отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қаралды. Осы тақырып бойынша ішкі істер министрі Марат Ахметжанов, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов баяндама жасады.

— Үкімет басшысы мәжбүрлеп емдеуге жіберу рәсімдерін жеңілдетуді, халықаралық тәжірибені ескере отырып, құқық бұзушыларға психологиялық терапия шараларын қолдану бойынша ұсыныстар әзірлеуді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша түзетулер әзірлеу аясында халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу