ҚР Үкіметінің отырысы, 28.06.2022

28 маусымда Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтті.

— Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру және АT саласын дамыту мәселелері қаралды. Жасалған жұмыстар туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады. Сонымен қатар Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе және «Террикон алқабы» ІТ-Hub-ын дамыту жөніндегі директоры Александр Дорошенко баяндама жасады.

— Министрлер кабинетінің басшысы назар аударатын бірқатар мәселелердің бар екенін атап өтті. Кейбір министрліктерде қызметтерді электрондық форматта алу мүмкін емес. Қолжетімсіз мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру, ақпараттық жүйелердің тоқтаусыз жұмыс істеуін және олардың уақытылы интеграциялануын қамтамасыз ету міндеті қойылды.

— Екінші мәселе бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын дамытудың негізгі тәсілдері қаралды, ол туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров баяндама жасады.

— Әлихан Смайылов мемлекеттік органдардың қызметі туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыратын спикерлердің сапалы пулын құруды тапсырды. Үкімет басшысының пікірінше, мемлекеттік органдардың ресми өкілдері, баспасөз хатшылары ресми хабарларды берудің жаңа форматына көшуі керек. Кәсіби «құрғақ» тілде жазылған пресс-релиздерді таратумен ғана шектеліп қалуға болмайды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу