Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №132

2021 жылғы 4-10 қазан аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 5 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары және каналдар мен су қоймаларын салу және реконструкциялау мәселелері қаралды. Бірінші мәселе бойынша Үкімет басшысы Маңғыстау облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының бекітілген кешенді жоспарының уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бір ай мерзімде 9 су қоймасы мен 120 каналды салу мен реконструкциялаудың, сондай-ақ оларды цифрландырудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды.
  • Дәл осы күні Үкімет басшысы Alstom француз машина жасау концернінің директорлар кеңесінің төрағасы Анри Пупар-Лафаржбен кездесу өткізді. Компаниямен ынтымақтастықты кеңейтудің жай-күйі мен перспективасы талқыланды. Alstom-ның Қазақстандағы құрастырушы өндірісін оқшаулау деңгейін а.ж. 38%-дан 2025 жылы 50%-ға дейін ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды.
  • 6 қазанда А. Мамин Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) бас хатшысы Кунио Микуриямен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру және оны жаһандық көлік дәліздеріне одан әрі интеграциялау, сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі халықаралық стандарттарды іске асыру, халықаралық жеткізілім тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кедендік төлемдер мен салықтардың жиналуын жақсарту мәселелерін талқылады.
  • 7 қазанда Премьер-Министр «СИБУР Холдинг» ЖАҚ басқарма төрағасы Дмитрий Коновпен кездесу өткізді. Қазақстанның мұнай-газ химиясы өнеркәсібінде ірі инвестициялық жобаларды – полипропилен және полиэтилен өндірісін бірлесіп іске асыру мәселелері талқыланды.
  • 8 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің (ИКЖК) отырысы өтті. Онда жаңартылатын энергия көздерін дамыту және ҚР-ның төмен көміртекті экономикаға көшуі мәселелері қаралды.
  • Сенбі күні, 9 қазанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына және жанар-жағармай материалдарына бағаны реттеу мәселесі жөнінде кеңес өткізді. Үкімет басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын ұстап тұру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу және инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыру бойынша өңірлердің әкімдері мен тиісті мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу