Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №19

2019 жылдың 1-5 шілдесі аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 2 шілдеде Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі Кеңес отырысын өткізді. Отырысқа Кеңес төрағасы – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин, ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов және т.б. қатысты.
  • Сонымен қатар 2 шілдеде Қазақстан Президенті «Астана» халықаралық қаржы орталығы Сотының ғимараты мен Халықаралық арбитраждық орталығын ашты.
  • Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысына қатысты.
  • 5 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәстүр бойынша Елорда күніне арналған мерекелік іс-шараны ашатын Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.
  • Сейсенб күні, ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кезекті отырысында Мемлекет басшысының  қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.
  • А.ж. 1 шілдеде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Еуропалық Одаққа қатысушы елдердің дипломатиялық миссия басшыларымен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
  • Дәл осы күні Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті.
  • Сейсенбі күні, 3 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин  Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен келіссөздер жүргізді. Кездесуде Қазақстан мен ЕҚҚДБ арасындағы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жөніндегі өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралды.
  • Сонымен қатар сәрсенбіде Асқар Мамин Еуропа, Еуразия және Таяу Шығыстағы Chevron барлау және өндіру жөніндегі президенті Тодд Левимен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында мұнай-газ саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудың өзекті мәселелері қаралды. «Шеврон»-мен ынтымақтастық Теңіз, Қарашығанақ жобалары және Каспий құбыр консорциумын кеңейту жобалары бойынша жүзеге асырылады. 
  • Бейсенбіде, 4 шілдеде Қазақстан Премьер-Министрі барлау және кен өндіру жөніндегі президенті Арно Брёйяктің жетекшілігімен Total өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Total компаниясының басшылығымен кездесуде мұнайгаз секторы саласындағы ынтымақтастық мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша Дунга және Абай жобалары бойынша құжаттарға қол қойылды.  
  • Дәл осы күні Үкімет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына Astana Finance Days Халықаралық қаржы форумына және Шетелдік инвесторлар кеңесіне қатысу үшін келген ірі әлемдік компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді
  • Exxon Mobil Production Company президенті Нилл У. Даффинмен, Baker Hughes, General Electric компаниялар тобының басқарма төрағасы, президенті, бас атқарушы директоры Лоренцо Симонеллидің жетекшілігімен General Electric американдық компаниясының өкілдерімен,  Polpharma польшалық компаниялар тобының бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старакпен, Marubeni корпорациясының вице-төрағасы Шигеру Ямазоэмен, Anadolu түрік компаниялар тобының басқарма төрағасы Тунджай Озильханмен, Fung Group төрағасы Виктор Фунгпен, Citigroup инвестициялық және корпоративтік банкінің үкіметтер және мемлекеттік сектор жаһандық блогының басшысы Джули Монакомен, «Ситибанк Қазақстан» АҚ басқарма төрағасы Андрей Курилинмен,  «Deutsche Bank AG» Орталық және Шығыс Еуропа бойынша Өңірлік басқармасының бас атқарушы директоры Йёрг Бонгартцпен кездесті. Келіссөздер барысында индустрияландыру, машина жасау, мұнай-газ саласы, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, фармацевтикалық өнеркәсіп, қаржы секторындағы инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәелелері талқыланды. 
  • Жұма күні ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Парламент Палаталарының бірлескен отырысының жұмысына қатысты, онда  VI шақырылымындағы төртінші сессия жұмысын жабу туралы шешім қабылданды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу