Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №36

2019 жылғы 28 қазан және 2 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні ҚР Үкіметінің кезекті отырысында жаңартылатын энергия көздерін дамыту мәселелері және «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды. 

  • 29 қазанда ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті, ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері қаралды. 

  • 30 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барды. Сапар аясында А. Мамин Гаага қаласында Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттемен кездесті, сондай-ақ Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысты. Сонымен қатар А. Мамин ҚР Премьер-Министрі Shell, Bitfury, SuezGroup, Farm Frites, Dutch Fruit Solutions компанияларымен келіссөдер өткізді және бірқатар инновациялық нысандарға барды. Атап айтқанда, World Horti Centre халықаралық жылыжай бағбаншылығына арналған білім және инновациялар орталығында болып, сондай-ақ «Hardt Hyperloop» компаниясының жұмысымен танысты. 

  • 1 қараша күні Ташкентте Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Келіссөздер барысында ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

  • 2 қарашада ҚР Премьер-Министрі Ташкент қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің отырысына қатысып, онда Ұйымға қатысушы елдердің сауда-экономикалық, цифрлық, көлік және басқа да салалардағы нақты ынтымақтастығын нығайту бойынша бірқатар бастамалар көтерді. ШЫҰ ҮБК шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарының қорытындылары бойынша 14 құжат қабылданды. 

  • Сапар аясында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізді.  Тараптар Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. 

  • Сонымен қатар, Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ауғанстан Премьер-Министрі Абдулла Абдулламен кездесті. Тараптар екіжақты және өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты дамыту туралы келісімге келді. 

  • 1 қараша күні ҚР Үкіметінің басшысы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу