13 Шілде 2019, 13:17
А.ж. 12 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғыз Республикасына ресми сапары аясында Президент Сооронбай Жээнбековпен кездесуі өтті. Әңгімелесу барысында екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.
Бішкекте ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің VIII отырысына қатысты.
Отырысқа қатысушылар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылап, перспективалы бағыттарды айқындады және сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен жоспарлар белгіленді.
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қырғызстанға ресми сапары аясында бірқатар құжаттарға қол қойылды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу