01 Ақпан 2020, 11:35
2020 жылғы 31 қаңтарда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласында Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына қатысты.
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті.
А. Мамин қазақстандық тарап бастамашы болған Кедергілерді жою тәртібіне түзетулерді жеделдетіп келісу қажеттігіне баса назар аударды, бұл жүгінулердің қарастырылу процесін 3 айға дейін жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Үкіметінің басшысы 2021 жылдың соңына дейін ЕАЭО-дағы мемлекеттік сатып алуларды толықтай электронды форматқа көшіруді ұсынды.
ҚР Премьер-Министрі ЕАЭО туралы шартқа бәсекелестіктің жалпы ережелерін бұзған жағдайда бизнеске келтірілген залалдың орнын толтыру бойынша өзгерістер енгізуді пысықтау бастамасын көтерді.
Отырысқа қатысушылар 2025 жылға дейінгі еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың стратегиялық бағыттары жобасын әзірлеу барысын қарады.
ЕҮАК отырыстарының қорытындысы бойынша тиісті шешімдерге, өкімдер мен тапсырмаларға қол қойылды.
ЕҮАК келесі отырысы Минск қаласында 2020 жылғы 9-10 сәуірде өтеді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу