ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің Атырау облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

2020 жылдың 27 ақпанында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, онда балық шаруашылығы саласы мен өнеркәсіптің дамуымен танысты.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасында балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

  • Асқар Мамин «Сaspian Royal Fish» ЖШС, «Амангелді атындағы» ЖШС, «Інжу-Маржан» ЖШС өнімдері ұсынылған ҚР балық шаруашылығы саласындағы жетістіктер көрмесін аралап көрді.

  • А. Мамин Атырау бекіре балық өсіру зауытына, «Амангелді атындағы» ЖШС және «Caspian Royal Fish» кәсіпорындарына барып, онда өңірдегі балық шаруашылығының дамуымен танысты. 

  • Премьер-Министр сонымен қатар мұнай-газ саласы үшін жабдықтар мен құрауыштарды өндіретін кәсіпорындар — «Каспий Плюс», «International Pipeline Structure Solutions Caspian», «Caspian Contractors Trust Atyrau» ЖШС-ларын аралады.

  • Үкімет басшысы Қашаған кен орнында ілеспе газ өңдеу зауытын салу мәселесі жөнінде кеңес өткізді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу