ҚР Премьер-Министрі А. Маминннің Ташкент қ. ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ҮБК XVIII отырысына қатысу қорытындысы бойынша видеодайджест

  • Ташкент қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Келіссөздер барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, транзиттік-көлік және басқа да салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды. 2019 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚР мен ӨР арасындағы өзара сауда-саттық 25%-ға $2,6 млрд дейін өсті. Алдағы жылдары тауар айналымын $5 млрд дейін жеткізу жоспарда бар.

  • Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Үкіметтер басшылары кеңесінің 18-ші отырысына қатысты. Шағын құрамдағы кездесу барысында ҚР Премьер-Министрі ШЫҰ Даму банкін және ШЫҰ дамыту қорын құру бойынша жұмыстарды жандандыруды, Ұйымға мүше мемлекеттердің өзара есептесулерінде ұлттық валюта үлесін арттыру жөніндегі «Жол картасын» бірлесіп әзірлеуді, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қаржы министрлері мен орталық банктерінің басшыларының кездесулерін қайта жаңғыртуды ұсынды.

  • Кеңейтілген құрамдағы отырыста Қазақстан Үкіметінің басшысы ШЫҰ, ЕАЭО, АСЕАН және ЕО арасындағы көпжақты диалог форматында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту қажеттігін баса айтты. Асқар Мамин ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді АХҚО алаңын жаңа қаржы өнімдері мен технологияларын тестілеу үшін пайдалануға шақырды. Сонымен қатар ҚР Премьер-Министрі Цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі кеңесті құру бастамасын көтерді.

  • ШЫҰ ҮБК шағын және кеңейтілген құрамдағы отырыстарының қорытындылары бойынша 14 құжат қабылданды, оның ішінде бірлескен коммюнике, Көпжақты сауда-экономикалық ынтымастастық бағдарламасының жаңа редакциясы, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің теміржол көлігі саласындағы теміржолда әкімшілендірудегі Өзара іс-қимыл тұжырымдамасы, ШЫҰ Экономикалық сараптау орталықтары консорциумының регламенті, ШЫҰ Қалаларының экологиялық қолайлылығын дамыту бағдарламасы және т.б. бар. 

  • Асқар Мамин Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің (ҮБК) отырысына қатысу үшін Ташкент қаласына жасаған сапары аясында Ауғанстан Премьер-Министрі Абдулла Абдулламен екіжақты кездесу өткізді. Кездесуде ҚР-ның АИР-мен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығы, қазақстандық бизнестің Ауғанстанның энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және мұнай-газ өнеркәсібі, көлік саласын дамытуға қатысуы мәселелері қаралды. Тараптар екіжақты және аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша диалогты дамыту туралы келісімге келді. 

  • ШЫҰ ҮБК алаңында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен екіжақты кездесу өткізіп, онымен сауда-экономикалық, индустриялық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу, электронды сауда, АХҚО дамыту салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу