ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қарағанды облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест
24 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды, онда ферроқорытпалар өндіру зауытының ашылу салтанатына қатысып, тау-кен байыту кешенінің бірқатар кәсіпорындарын аралады.
«YDD Corporation» ЖШС ферроқорытпа зауытының салтанатты ашылуында ҚР Үкіметінің басшысы жоғары технологиялық кәсіпорынның өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін маңыздылығын атап өтті.
«Sary-Arka Copper Processing» ЖШС аралау кезінде А. Маминге экологияға зиянды төмендетуге мүмкіндік беретін, мыс кенін өңдеудің инновациялық технологияларын пайдалану туралы баяндалды.
ҚР Премьер-Министрі «Алайғыр» кен орнының қорғасын-күміс кенін өңдейтін және байытатын, катодты мыс өндіретін кәсіпорнына барды.
Үкімет басшысы «Алтай полиметаллы» кәсіпорнының жұмысшыларының тұрмыс жағдайларымен танысты. Осында Асқар Маминге «Көкпекті–Қарағайлы» темір жол учаскесіндегі (Саумалкөл – Бүркітті аралығы) Қарасор көлінің аумағындағы су деңгейінің көтерілуімен байланысты орын алған жағдай туралы баяндалды.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз