ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Қарағанды облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша видеодайджест

2020 жылғы 5 мамырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барып қайтты. Онда Индустриалды-инновациялық даму, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары мен Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру барысын тексерді.  

  • Үкімет басшысы «Сарыарқа» АЭА барып, «Steel Manufacturing» ЖШС патрон зауытының бірінші кезегін іске қосты.

  • Сонымен қатар А. Мамин «Seven Refractories Asia» ЖШС отқа төзімді материалдар шығаратын зауытының қызметімен танысты.

  • Премьер-Министр «Qaz Carbon» ЖШС құю зауыттарының бірлестігіне барды.

  • Үкімет басшысы Қарағанды қаласының автожол, тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылымын жөндеу және салу жобаларының іске асырылуын тексерді.

  • А. Мамин «Global City» көтерме-тарату орталығында болып қайтты.

  • Премьер-Министр «Yutong» маркалы автобустар мен арнайы мамандандырылған техника шығару жөніндегі келісімге қол қою рәсіміне қатысты.

  • Үкімет басшысы «Қарағанды – Балқаш» автожолының реконструкциясымен танысты.

  • Балқаш қаласында А. Мамин «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік тұрғын үйдің салыну барысымен, сондай-ақ әуежайды реконструкциялау және өңірдің туристік әлеуетін арттыру жобасымен танысты. 

  • Сонымен қатар Үкімет басшысы «Kazakhmys Smelting» ЖШС Балқаш мыс балқыту зауытына барды.

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу