31 Қазан 2019, 15:41
2019 жылғы 30 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ресми сапармен Нидерланды Корольдігіне барды.
Асқар Мамин ресми сапар аясында Нидерланды Премьер-Министрі Марк Рюттемен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, энергетика, қаржы, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, АТ, ғылыми салалардағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту перспективалары талқыланды.
Қазақстан Республикасы мен Нидерланды Корольдігінің Премьер-Министрлері V Қазақстан‒Нидерланды бизнес-форумының ашылуына қатысты.
Форум аясында қазақстандық және нидерландтық компаниялар арасында ынтымақтастық туралы бес құжатқа қол қойылды.
ҚР Премьер-Министрі Shell барлау және өндіру бөлімшесінің директоры У. Сауанмен, Bitfury компаниясының негізін салушы және президенті В. Вавиловпен, SuezGroup компаниясының аға вице-президенті Т. Каржильмен, Farm Frites басқарма төрағасы Пит де Брюйнемен, DutchFruit Solutions төрағасы С. Вальравенмен кездесулер өткізді.
Үкімет басшысы World Horti Centre халықаралық жылыжай бағбаншылығына арналған білім және инновациялар орталығына барды.
Бұдан өзге, А. Мамин хайперлуп (Hyperloop) жаңа көлік жүйесін әзірлеумен айналысатын «Hardt Hyperloop» компаниясының қызметімен танысты, бұл көлік жүйесі жеңілдетілген болат құбырлар бойымен капсула түріндегі шағын қайықтарда сағатына 1 мың шақырымға дейін жылдамдықпен жүруге мүмкіндік береді.
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу