Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №103

2021 жылғы 8-14 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • 9 наурызда «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевқа партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындауға бағытталған жол картасын жүзеге асыру бойынша жоспарланған шаралар туралы баяндалды.

  • Бейсенбі, 11 наурызда, ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Отырыста еліміздің биылғы қаңтар-ақпандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылу қорытындылары талқыланды. Үкімет басшысы іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Білім беру саласын жетілдіру туралы екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша А. Мамин өңірлерде биыл 32 мың орынға дейін мектепке дейінгі білім беру орындарын ашуды, қалалық және ауылдық мектептердегі оқыту жағдайларын теңестіру жөнінде шаралар қабылдауды, мектептерді жаңғыртуды тапсырды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын реттеу және азық-түлікпен қамтамасыз ету жөніндегі үшінші мәселені қарау кезінде Премьер-Министр әрбір тауар позициясы бойынша баға белгілеу тізбегін зерделеуді және монополияға қарсы шаралар қабылдауды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бақылауды күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу