Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №119

2021 жылғы 28 маусым-4 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • 1 шілде, бейсенбі күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында ұлттық жобалардың әзірленуі негізгі мәселе ретінде қарастырылды.
  • Дәл осы күні Президент «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиын барысында «Астана» халықаралық қаржы орталығының 2020 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды, сондай-ақ, оны әрі қарай дамыту жөніндегі ұсыныстар қарастырылды.
  • Дүйсенбі күні, 28 шілдеде ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді. Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперация мен білім берудің, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
  • Сейсенбі, 29 шілде күні кезекті Үкімет отырысында санитариялық-эпидемиологиялық жағдай және білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Бірінші мәселені қарастыру кезінде Премьер-Министр А. Мамин Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды. Екінші мәселені қарау қорытындысы бойынша білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жол картасын бекіту, девиантты мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жұмыста мектеп психологтары мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлар жұмысын үйлестіруді күшейту тапсырылды.
  • Дәл осы күні А. Мамин Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізді. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бес институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспарының және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауының орындалу барысы қаралды.
  • Сәрсенбі күні ҚР Премьер-Министрі «Tyson Foods» халықаралық бизнес жөніндегі президенті Кристофер Лангхольцпен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстанда заманауи агро-мультипротеин индустриясын дамыту мәселелері талқыланды.
  • 1 шілдеде А. Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары аясында Үлкен Алматы айналма автомобиль жолының (ҮАААЖ) салыну барысын тексерді. Үкімет басшысы құрылыс-монтаждау жұмыстарының қарқынын арттыруды және барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, кестеден 2 жылға ертерек, жұмысты 2022 жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.
  • 2 шілде күні Премьер-Министр Алматы қаласына жұмыс сапары аясында қалалық метрополитеннің даму барысын тексерді. Қазіргі таңда метрополитеннің бірінші желісінің жұмыс істеп тұрған 9 метро станциясына қосымша «Сарыарқа», «Достық» және «Қалқаман» станциялары салынып жатыр. 
  • Үкімет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапары аясында «Алтын Орда» базары маңындағы көлік айрығы – «Алматы-Бішкек» автомобиль жолының 16-19 км учаскесін қайта жөндеу барысымен танысты. Жоба инженерлік коммуникацияларды қайта орната отырып, учаскені 4 жолақтан 10 жолаққа дейін кеңейтуді көздейді. Үкімет басшысы барлық сапа стандарттарын қамтамасыз ете отырып, жұмыс қарқынын арттыруды және оларды биыл қазан айында аяқтауды тапсырды.
  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Алматы агломерациясын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, онда биылғы 20 тамызға дейін «Үлкен Алматының» төрт пилоттық жобасын іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырды. 
  • Алматы қаласында ҚР Премьер-Министрі Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) кеңесінің отырысын өткізді, онда ЕАДБ-ның 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясы бекітілді. ЕАДБ-ның күш-жігері «Еуропа-Батыс Қытай» көлік-цифрлық дәлізі, ЕАЭО+ бірыңғай тауар өткізу желісі және Орталық Азияның су-энергетика кешені сияқты ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
  • 3 шілде күні А. Мамин Елорда күніне арналған мерекелік іс-шараны дәстүрлі түрде ашатын Мемлекеттік ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу