Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №34

 

2022 жылғы 5-11 қыркүйек аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

Сейсенбі, 6 қыркүйекте, Үкімет үйінде Үкіметтің кезекті отырысы өтті. Онда Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасы қаралды. Сонымен қатар 2022-2023 жж. жылыту маусымына дайындық барысы қаралды.

Осы күні әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуін тежеу, сондай-ақ ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен және көмірмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.

Сондай-ақ Премьер-Министр «АрселорМиттал» компаниясының атқарушы төрағасы Лакшми Митталмен кездесу өткізді.

7 қыркүйекте Үкімет басшысының төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Отырысқа қатысушылар телекоммуникация саласындағы бірқатар мемлекеттік активтерді иеліктен шығару заңдылығы мәселелерін, сондай-ақ азаматтық авиация мен автобус тасымалдарын (қоғамдық көлік саласы) демонополизациялау бойынша ұсыныстарды қарастырды.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау мен қадағалауды автоматтандыру жөнінде кеңес өткізді

8 қыркүйекте ҚР Премьер-Министрі Қостанай және басқа облыстардағы табиғи өрттердің салдарын жою, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері мен қызметтерін материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері жөніндегі кеңес өткізді.

9 қыркүйекте Үкімет үйінде Су кеңесінің отырысында су саласын кешенді дамыту бойынша жоспарлар қаралды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев су саласын дамытудың үш жылдық кешенді жоспары әзірленіп жатқанын хабарлады.

Сенбі, 10 қыркүйек күні, ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде инвестициялық штабтың кезекті отырысын өткізді, онда негізгі капиталға және тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша нысаналы индикаторларды орындау қарқыны, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер қаралды. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу