Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №51

2023 жылғы 2-8 қаңтар аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • Сейсенбі, 3 қаңтарда, ҚР Әлихан Смайылов Премьер-Министр Кеңсесін Үкімет Аппараты ретінде қайта құру, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін қайта ұйымдастыру, сондай-ақ салалық тұжырымдамалар мен даму жоспарларын әзірлеу мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңесті қорытындылай келе, Премьер-Министр Үкімет алдында экономиканың нақты мәнде 4%-ға өсуін қамтамасыз ету, инфляцияны 2 есеге 9,5%-ға дейін төмендету және 2023 жылы $24,4 млрд көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тарту секілді маңызды міндеттер тұрғанын атап өтті. 

  • Сәрсенбі Әлихан Смайылов Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология және табиғи ресурстар, Әділет, Оқу-ағарту, Мәдениет және спорт министрліктерінің ұжымдарына жаңа басшыларды таныстырды.

  • Бейсенбі Үкімет басшысы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің бесінші отырысын өткізді, онда тау-кен металлургия кешенін (ТМК) дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Отырыс барысында бизнес пен сарапшылар қауымдастығының өкілдері геологиялық саланы және жер қойнауын пайдалануды одан әрі дамыту, ТМК инвестициялық тартымдылығын арттыру, салық салу, цифрландыру, көліктік қамтамасыз ету және жаңа экологиялық талаптарды енгізу мәселелерін көтерді.

  • Сенбі ҚР Премьер-Министрі 2023 жылы ішкі нарықты жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңеске қатысушылар ішкі нарықты дизель отынымен, атап айтқанда жанармай бекеті желілерін, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарын дизель отынымен қамтамасыз ету, баға белгілеу, импорт, Шымкент МӨЗ-інің қуатын ұлғайту және басқа да бірқатар мәселені талқылады.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу