Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №56

2020 жылғы 6-12 сәуір аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Биылғы 10 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен құқық қорғау құрылымдарының басшылары бейнебайланыс арқылы қатысты.

  • 7 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Continental Logistics» ЖШС-ның көлік-логистика орталығына барып, онда азық-түлік тауарлары сақталған қойманы аралап көрді. Президентке елорда мен өңірлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі жайында баяндалды.

  • ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті қабылданған іс-шаралардың арқасында коронавирус инфекциясының таралу қарқыны төмендегенін айтты.

  • Сейсенбі күні Үкіметтің кезекті селекторлық отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және суарылатын жерлердің ирригациялық инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері қаралды. ҚР Премьер-Министрі А. Мамин 15 млн шаршы метр тұрғын үйдің салынуы мен берілуін қамтамасыз етуді тапсырды.

  • ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты. Қазақстан Үкіметінің басшысы Қазақстанның COVID-19 таралуымен күресу, экономиканы тұрақтандыру, тұрғындар мен бизнесті қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып берді.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу