Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №70

2020 жылғы 20-26 шілде аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары 

  • Сейсенбі күні кезекті Үкімет отырысында елімізде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүзеге асыру барысы және экономика салаларындағы жергілікті қамтуды дамыту мәселесі қаралды. Бірінші мәселені қарастыру кезінде Үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар берді, оның ішінде өңірлердегі ауруханаларды қажеттіліктеріне сай ӨЖЖ аппараттарымен а.ж. тамыздың соңына дейін қамтамасыз ету, өңірлерді көшпелі диагностикалық кешендермен жабдықтау, дәрі-дәрмектерді қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөлу бар. Екінші мәселені қарастыру кезінде Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бизнестің қарсы міндеттемелерін цифрлық бақылау жұмысын екі ай ішінде аяқтау қажет екенін атап өтіп, бір апта мерзімде отандық тауар өндірушілердің мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуына қатысуына кедергі келтіретін барлық жүйелік тосқауылдарды жою жөніндегі іс-қимыл алгоритмін дайындауды тапсырды.
  • Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына ҚР Үкіметінің Қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқаратын болады.  А. Мамин Мемлекет басшысы министрліктің алдына мемлекеттік қызметтер мен экономика салаларын цифрландыру жөнінде нақты міндеттер қойғанын атап айтты.

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу