Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №88

2020 жылғы 23-29 қараша аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары

  • Сейсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті. Жиында Елбасы соңғы бес жыл ішінде партия өзінің сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындағанын атап өтті. 

  • 25 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күш екенін атап өтті.

  • Бейсенбі күні Нұрсұлтан Назарбаев Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрына барды. Елбасы елорданың жаңа мәдени нысанымен танысып, театрдың шығармашылық ұжымымен кездесті.

  • Осы күні Қазақстанның Тұңғыш Президенті жаңа Жеңіл атлетика спорт кешеніне барды. Шара барысында Нұрсұлтан Назарбаев атлетика алаңы мен жаттығу орталығын аралап, спорт кешенінің бейне таныстырылымын көрді.

  • Сейсенбі күні ҚР Премьер-Министрі А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің кезекті отырысында елді мекендерді газдандыру және өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі Жол картасын іске асыру мәселелері қаралды. Бірінші мәселені қарау қорытындысы бойынша Үкімет басшысы Энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, 2021 жылғы 1 сәуірге дейін ҚР газдандырудың бас схемасының өзектендірілген жобасын әзірлеуді тапсырды. Екінші мәселе аясында А. Мамин Экология министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, жұртшылықпен тұрақты кездесулер өткізе отырып, өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол карталарын толық әрі уақытылы іске асыруды тапсырды.

  • 23 қарашада ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысын өткізді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы 16 қараша күні өткен ВАК отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Отырыс қорытындысы бойынша А. Мамин бірқатар нақты тапсырма берді. 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу