Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №74

2018 жылғы 26 ақпан мен 3 наурыз аралығындағы аптаның айшықты оқиғалары
Өткен аптада 27 ақпанда Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен инвестицияларды тарту, орта білім беру ұйымдарында жаңартылған мазмұнға көшу және Ақтөбе агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасын бекіту мәселелері бойынша ҚР Үкіметі отырысы өтті. Дүйсенбі күні ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Экспо-2017» нысандарын көрмеден кейін пайдалану мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Сол күні Үкіметте Президент Жолдауын іске асыру аясында аграрлық ғылымды дамыту жөнінде кеңес, сондай-ақ Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті. Сәрсенбі күні, 28 ақпанда, Бақытжан Сағынтаев Инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінде кеңес отырысын өткізді. Бейсенбі күні Үкімет үйінде Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы өтті. Сондай-ақ, сол күні «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің отырысы өтті. Жұма күні Премьер-Министр қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысын өткізді. Қазақ әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру бойынша Іс-шаралар жоспары және жаңа редакциядағы әліпби негізінде ережелер қаралды. Сондай-ақ, жұма күні Үкімет үйінде Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті. Сенбі күні Щучинск-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өтті.

 

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз