Елдегі инновациялық процестерді жеделдетудің төрт негізгі қадамы бар — Autodesk басшысы Билл О'Коннор

Алматыда өткен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» форумының алаңында Autodesk инновациялар жөніндегі стратегі және Autodesk Innovation Genomе жобасының негізін қалаушы Билл О'Коннор PrimeMinister.kz АА берген сұхбатында цифрландыру тақырыбының қаншалықты маңызды екені туралы айтып, елдегі инновациялық процесті жеделдетуге қатысты тәжірибесімен бөлісті.

— Бүгінде цифрландыру мәселесі қаншалықты өзекті?

— Менің ойымша, бұл өте маңызды. Адамзат тарихында бізде ешқашан осыншама көп жаңа технологиялар болған емес, олар біздің жұмысымызды және компаниялардың қызметтерін өзгерте алады. Бүгінгі күннің ең маңызды экономикалық мәселесі — компаниялар мен үкіметтердің осы жаңа технологияларды өз жұмыстарында қалай пайдалануында. Осылайша, цифрландыру — бұл жақсы термин, дегенмен менің ойымша, бұл біраз ескірген, жаңа технологиялардан пайда алатын, жаңа компанияларды құрудағы «жаңа технологиялар» термині өзіме жақын, бұл — қазіргі күннің маңызды құралы.

— Қазақстанның экономиканы цифрландыру саласындағы жұмысын қалай бағалайсыз?

— Қазақстан туралы айтар болсам, мен осында келгеніме өте қуаныштымын. Технологиялар мен инновациялар үшін салынған Astana Hub — бұл осы жолда жасалған үлкен қадам. Мен түрлі елдермен жұмыс істедім, шамамен 50 шақты ел, көптеген елдерде осындай хаб жоқ, технологияларды әзірлеуге баратын орын жоқ. Мен үшін хаб — бұл міндетті пункт – зерттеулер мен әзірлемелер секілді жұмыстарды жүргізетін орын, ол әр елде болуы тиіс, сіздерде Astana Hub бар. Сондықтан да, Қазақстан аталған бағытта ілгерілеп жатыр — технологиялар мен инновацияларға арналған орталық хаб құру, менің ойымша, бұл  болашаққа бастар қадам.

— Жас мамандарға АТ саласында табысқа жету үшін қандай кеңес бересіз?

— Мен 54 жастамын, жастарға екі нәрсе айтайын. Біріншіден, қазіргі және дамып келе жатқан технологияларға сарапшы болу – бұл маңызды, бірақ ең бастысы – іскерлік қабілет. Мәселен, Аstana Hub немесе басқа да хабтар, барлығы технологиялармен жұмыс істейді, алайда бұл жеткіліксіз, аталған технологияларды стартаптарға айналдыру керек. Құны 1 млрд доллар болатын стартап-компаниялар алыптары дейміз. Содан кейін — Apple, Facebook, Google секілді технологиялық алыптарға айналу керек.

Сондықтан, жастарға міндетті түрде жаңа технологияларды білу керек деп айтқым келеді. Дараланғың келсе — компаниялар құруда мықтылардың қатарында бол, жақсы технологияларды алуда табысқа жет, оларды стартап түрінде нарыққа шығара біл әрі келешекте олар ірі компанияларға айналсын.

Бұл — қажеттілік, өйткені әлемде көптеген технология әзірлеушілері бар, дегенмен олардан қандай компанияны ашқанын сұрасаңыз, сіз олардың айтқан атауларын білмейсіз, олар туралы ешқашан естімегенсіз. Технологияны зертханадан нарыққа шығару — бұл кілт. Менің жастарға үнемі айтып жүретінім: технологияларды жетік біліңдер, сондай-ақ, бизнесті құруға да үлгеріңіз, осылайша сіз үлкен табыстарға жете аласыз.

— Елдегі инновациялар процесін қалай жеделдету керек?

— Мен өз тәжірибем бойынша елге қажетті төрт қадамды атап өтейін. Бұл — инновациялық хаб, сыртқы әлеммен байланыс, технологиялар және бизнес. Адамдар кездесіп, бір-біріне білгендерін үйретіп, бір-бірінен үйрене алатын жер керек – бұл бірінші. Екіншісі — сыртқы әлеммен байланыс. Ғимарат салып, сол жерде бәрін жинаған оңай: «керемет» адамдардың басын қосып, тегін жалға беріп, тамақтандыру – бұл нәтиже береді. Егер сыртқы әлеммен байланысың болмаса, мысалы, Кремний алқабында көптеген адамдар жасанды зерде бойынша жұмыс істейді және Astana Hub тек хаб болмауы керек, ол Кремний алқабы, Торонто, Берлин және Лондон секілді орындармен байланыста болуы керек.

Екінші мәселе — осы саладағы ең үздік адамдармен байланыс жасау. Үшіншісі — сіз орталықты ашқан кезде, хаб және сыртқы әлеммен байланыс болса, сіз қолданыстағы технологиялармен, жаңа технологиялармен жұмыс жасайсыз. Содан кейін, төртінші қадам – компанияларды ашу. Тағы да қайталап айтамын, бұл – аса еленбейтін қадам: осы орталықтарға барған кезде – онда бәрі керемет, адамдар барлық осы гаджеттерді көрсетеді, бірақ сіз осының бәрінен қандай компания шығатыны туралы сұрасаңыз, олар компания жоқ деп жауап береді. Осы төртінші бағыты болуы тиіс, әйтпегенде технологиялар нарыққа шықпайды, әлемге ықпал ете алмайды, олай болмаса инновациялар деп айтуға да келмейді.

Осылайша, хаб, сыртқы әлеммен байланыс, қолданыстағы және жаңа технологиялар, нарыққа технологияларды шығару өте маңызды. Ұлттық Үкіметтер, Премьер-Министрлер, инновациялар министрлері, кім болса да, бұл адамдар инновацияның осы аталған төрт сатысын орындауы керек.

Еске сала кетейік, 2 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» ЕАЭО форумы өтті.

Форумға Арменияның Премьер-Министрі — К. Карапетян, Беларусь Премьер-Министрі — А. Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі — С. Исаков, Ресей Премьер-Министрі — Д. Медведев, Әзербайжан мен Тәжікстанның ресми делегациялары, сондай-ақ бірқатар ірі халықаралық IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

Читать на primeminister.kz

Рекомендуемые новости