Қазақстандағы халал стандарттары халықаралық тәжірибені ескере отырып жүзеге асырылады — Ғ. Дұғалов

Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг барысында Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов Қазақстанда халал стандарттарын енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.

Ғалымжан Дұғалов ҚР ИДМ халал өнімдердің ұлттық стандарттарын қалыптастыруға қатыспайтынын атап өтті. Дегенмен, министрлік осы мәселеде Қазақстандағы мұсылмандардың діни басқармасына белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді, ол Қазақстандағы халал стандарттарын бекіту міндетіне жауапты.

ҚМДБ жанында халал тауарларды куәландыру жөніндегі арнайы ұйым бар. Бұл ұйым халал өнімдері мен процестеріне арналған бірқатар стандарттарды бекітті. Мұнда малайзиялық тәжірибе негізге алынған. Бүгінде осындай стандарттарды бекітумен айналысатын «Джаким» малайзиялық департаментімен бірлесе отырып белсенді жұмыстар жүзеге асырылуда.

«Біз бұған қоса, өз тарапымыздан осы мәселе бойынша ҚМДБ-ға қолдау көрсетеміз: тиісті семинарлар өткіземіз. Біз Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамымен бірлесе отырып, жобаны іске асырудамыз. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, Қазақстанда осы халал стандарттарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», — деді Ғалымжан Дұғалов.

Сонымен қатар Комитет төрағасы стандарттарды иемдену кезінде зертханаларда дұрыс сынақтар жүргізу қажеттігін еске салды. Бұл зертханалар ҚР ИДМ-де аккредиттелуі мүмкін.

«Сынақтар мен зерттеулер ДНҚ деңгейінде жүргізілуі керек», — деді Ғалымжан Дұғалов.

1/5
2/5
3/5
4/5
5/5
Читать на primeminister.kz

Рекомендуемые новости