«Самұрық-Қазына» электрондық сатып алудың жаңа алаңы 2018 жылғы шілдеде іске қосылады

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ биыл шілдеде электрондық сатып алудың жаңа алаңын іске қосады. Жүйені қазақстандық компания әзірлеген. Бұл туралы «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директорының орынбасары Болат Жұмағалиев ҚР Үкіметінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді.

Жаңа платформада тауар, жұмыс және қызмет қажеттілігін жоспарлаудан бастап, сатып алуды өткізу, шартты бекіту және іске асыруға дейінгі толық цикл орындалады.

Биыл шілде айында электрондық сатып алудың жаңа алаңы іске қосылады. Қазақстандық компания құрастырған жаңа платформада тауар, жұмыс және қызмет қажеттілігін жоспарлаудан бастап, сатып алуды өткізу, шартты бекіту және іске асыруға дейінгі барлық цикл орындалады. Барлық сатып алу үдерістерін бір өмірлік циклде бірыңғай алаңда жүзеге асыру Қорға нақты уақыт режимінде рәсімдер жағдайына мониторинг жүргізуге, сапалы және біртұтас талдау жасауға, қателерді анықтауға, жеткізушілердің арыздарына жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.  

Болат Жұмағалиев айтып өткендей, электрондық сатып алудың жаңа алаңы ЭСАЖ 2.0 тапсырыс берушілер мен жеткізушілерге электрондық платформаны қолдану кезінде қолайлы жағдайлар жасайды. Бұл өз кезегінде электрондық алаңды сүйемелдеу шығындарын қысқартып, сатып алудың ашықтығын блокчейн-технологиялары арқылы қамтамасыз етеді.

«“Самұрық-Қазына” ҰӘҚ сатып алу қызметін жетілдіруге камералды бақылау енгізіледі, оның аясында «тәуекел бейіні» анықталады, алдын ала анықталған, бекітілген қағидалар, тәуекелдер жүйесін бағалау және сатып алудың негізгі ережелерінің талаптарын сақтау енгізіледі.  Бүгінгі таңда tender.sk.kz қазіргі жүйесі «тәуекелдердің» шамамен 18% қадағалайды, ал енгізілетін жаңа жүйе «тәуекелдер бейінінің» шамамен 55% бекітеді және осылайша жасалатын бұзушылықтар бойынша бизнес үдерістерді автоматтандыру арқылы “тәуекелдердің” жартысынан астамын қамтиды», — деді Болат Жұмағалиев.

Алдын ала біліктілігі бойынша іріктеудің ашықтығын арттыру үшін сатып алу жүйесіндегі шағымдар мен арыздарды қарастыратын коммиссия құрылады. Оған Қордың, «Атамекен» ҰКП өкілдері және тәуелсіз аудиторлар мүше болады.

«Жалпы, біз сатып алулармен байланысты барлық функционалды осы алаңға көшіргіміз келеді. Барлық пайдаланушылар, оның ішінде әлеуетті жеткізушілер, тапсырыс берушілер үшін ыңғайлы болатын алаң құрғымыз келеді, онда қолайлы интерфейс осы алаңды оңтайлы пайдалануға және әлдеқайда жетілдірілген құралдарды ұсынуға көмектеседі», — деп атап өтті Болат Жұмағалиев.

Оның айтуынша, автоматтандыру есебінен бизнес үдерістерді құру логикасы анықтау бойынша жүйенің өзінде қандай  да бір қателер жасамауға мүмкіндік береді.

«Жаңашылдықтардың бірі – бұл порталда тапсырыс берушілер шешімдер қабылдайды, сатып алу жоспарларын бекітеді, хабарландыру, онлайн режимде келісім-шарт жасау бойынша шешім қабылдайды, яғни бұл барлық қатысушылар мен жүйені пайдаланушыларға порталда өзекті ақпаратты көруге мүмкіндік береді. Осылайша, біз осы порталда жүйеге сенімді қамтамасыз еткіміз келеді. Біз барлық пайдаланушыларға айтамыз: бізде ашықтық, барлығы нақты көрсетілген», — деп баса айтты Болат Жұмағалиев.

Сондай-ақ, ол жүйені әзірлегеннен кейін және пайдалануға бергеннен кейін оны мемлекеттік тізілімдермен және басқа да тәуелсіз мәліметтер көздерімен ықпалдастыру жоспарланған, осылайша жаңа платформа әмбебап болады.

«Жаңа платформа Open Source технологиясы бойынша әзірленген, яғни ашық бағдарламалық қамсыздандыру. Біз шетелдік тендерлерге лицензиялық аударымдар төлеу қажеттілігінен арылдық. Біздің жүйені жасаушылар отандық әзірлеушілер. Қымбат техникалық қолдаудан, лицензиялық аударымдардан арылғаннан кейін, бір жылда шамамен 150 млн теңге үнемдейміз», — деп түсіндірді Болат Жұмағалиев.

Жаңа порталдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы тілшілердің қойған сұрақтарына жауап берген Болат Жұмағалиев әзірлеу қордың мамандандырылған жұмыс тобының бақылауында жүргізіліп жатқанын айтты. Оның құрамына ақпараттық қауіпсіздік қызметі кіреді, яғни краш-тесттер, шабуылдау тесттері жүргізіледі, осы саладағы тәуелсіз компаниялар тартылады, олар осалдық, оларды жою тесттерін өнеркәсіптік іске қоспас бұрын жүргізеді.

«Қауіпсіздік бойынша барлық жұмыс міндетті түрде жүргізіледі, себебі біз жүйенің маңызды екенін түсінеміз, бұл тәуекелдерді ескеру қажет. Қауіпсіздікке, оның ішінде мәліметтердің сақталуына келер болсақ, біз ақпараттық базаны мәліметтерді өңдеудің екі тәуелсіз орталықтарында орналастырдық, яғни серверлер әр түрлі орындарда, Астанада, және одан тыс жерде орналастырылған. Бұл МӨО бірінің теориялық апат болған жағдайда екінші дубльге қиналмай көшуіне мүмкіндік береді, және жүйе сондай-ақ табысты жұмыс жасайды. Мұның бәрі сынақтан өткізілген», — деп қорытындылады Болат Жұмағалиев.

1/4
2/4
3/4
4/4