Президенттің бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында шағын несиелендіруді кеңейту туралы баспасөз конференциясы өтеді

Сәрсенбі күні, 7 наурызда, сағат 15:00-де ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру аясында шағын несиелендіруді кеңейту» тақырыбында брифинг өтеді.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаев шара спикері болады.

Баспасөз конференциясының тікелей таратылымын PrimeMinister.kz сайтынан, Facebook«Вконтакте»TwitterPeriscope әлеуметтік желілерінен, YouTube ресми арнасынан, сондай-ақ Android пен iOS мобильдік қосымшаларынан көре аласыздар.

Қазақстан Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-арнаға жазылыңыз