Бақытжан Найзабеков ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚР Президентінің Өкімімен Бақытжан Еренсізұлы Найзабеков Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Анықтама: «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі – Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігі, Мемлекет басшысына тікелей бағынышты арнайы мемлекеттік орган. 

Читать на primeminister.kz

Рекомендуемые новости